ОТЫРАРДЫҢ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 2 ЖЫЛДА 60 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

2021 жылдан бері Отырар ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі  алпыс пайызға өсіп, сексен миллиард теңгеге жеткен. Бұл жайлы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Сондай-ақ ауданда шағын және орта бизнес саны соңғы үш жылда жиырма сегіз пайызға өскен. Яғни кәсіпкерлік субьектілерінің саны 6 мыңға жеткен. Олар өндірген өнім көлемі елу сегіз миллиард теңгеден асып жығылған. 2022-жылдан бері бұл көрсеткіш жиырма бес миллардқа артқан. Пайызға шаққанда жетпіс үш пайызға артқан.

Сондай-ақ өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі отыз төрт миллиардтан асып, жоспар 5,7 миллиардқа артығымен орындалған. Ауылшаруашылығы өнімінің көлемі болса, былтыр қырық бір миллиардқа жетіп, бұл көрсеткіш бойынша да жоспар артығымен орындалыпты. Яғни, отырарлықтар жоспардан бірде жеті миллиардқа асырған.

Мұнан өзге ауданда құрылыс жұмыстары да қарқын алып отыр. Мәселен, өткен жылы 14 миллиард теңгеге Отырарда құрылыс жұмыстары жүргізілген. Облыс әкімінің айтуынша бұл жерде де жоспар бес миллиард теңгеге артығымен орындалыпты.

«Бұл көрсеткіштердің дені қазынадан берілген қаржы есебінен орындалып отыр. Сонымен қатар, халықтың кәспкерлікпен шұғылдануының арқасында»,— деді Дархан Амангелдіұлы.

Айта кету қажет, биыл Отырар ауданына атқарылуы тиіс қыруар жұмыстар мен жоспарлар белгіленген. Мысалы, ауылшаруашылығы өнім көлемін 45 миллиард теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Бұл мақсатты орындау үшін өңір басшысы егін егуде жаңа технологияларға өту қажеттігін алға тартты. Сол себепті ауылшаруашылығының негізгі капиталына биыл 8,4 миллиард теңге тарту жоспарланған. Бұдан бөлек, тамақ өнеркәсібінің негізгі каптиалына 449 миллион теңге инвестиция тарту жоспары бар екен. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарыны 2 миллиардтан астам қаржыға жүргізілген. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі алты айда алты миллиард теңгеге жеткен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*