Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралады. Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу (5 қабатты тұрғын үйлер) жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Symkent Build» ЖШС, «PANA QURYLYS GROUP» ЖШС, «OTAU GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр.
Биыл облыс көлемінде жалпы 114 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 41 үй, 2820 пәтердің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Ал 73 үй, 3611 пәтер жеке инвесторлар есебінен үйлестірілуде. Облыс бойынша 2023 жылы көпқабатты 87 үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік бюджет есебінен 57 үй, 3051 пәтер болса, ал жеке салушылар есебінен 30 үй, 300 пәтер тапсырылған. Жалпы 900 мың мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
Төлеби аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Интернет‑алаяқтық: сақтан, сенбе, қорған» атты ақпараттық форум — заманауи сандық кеңістіктегі қылмыстарды алдын алу мен тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды шара. Оған аудан әкімдігі, құқық қорғау […]
Түркістан облысында оқу жылының аяқталуына байланысты мектептерде «Соңғы қоңырау» іс-шараларына дайындық жүруде. Осыған орай өңірдің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Бұл – балалардың қуанышты сәтін қауіпсіз әрі […]
Сарыағаш ауданында ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беретін «Аqildi bala» мектебі қолданысқа берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, игі іске бастамашы болған жандарға алығысын білдірді. Аталмыш мектепте 100 бала толыққанды білім […]
Пікір қалдыру