Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты Жетісай ауданында шаруалардың егінінің бітік шыққаны, қырманның өнімге толғаны аса маңызды. Ол үшін өнімге дер кезінде ағын су мен минералды тыңайтқыштардың жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары да уақытылы жүргізілуі тиіс.
Аудан шаруаларының жазғы вегетациялық маусымда ағын судан тапшылық көрмеуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» машиналық әдіспен су көтеру каналында болып, биылғы дайындық жұмыстарымен танысты. Алдағы уақыттарда кездесуі ықтимал кедергілер мен қиындықтарды талқылап, алдын алу шараларын сөз етті.
Айта кетейік, өткен жылы ағын су лимиті 663 млн текше метрді құраған ауданның шаруалары нақты 542,592 млн текше метр су алған. Оның 470,521 млн текше метрі «Достық» магистралды каналы арқылы алынса, 72,071 млн текше метрі машиналық әдіспен су көтеру каналы арқылы жеткізілген.
2023 жылы машиналық әдіспен су көтеру каналының 5 насосы жұмыс істесе, бүгінгі күні 10 насос жұмыс жарамды.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына ауданда орналасқан 778 каналдың, соның ішіндегі республикалық меншіктегі 604, коммуналдық меншіктегі 162 және жекеменшіктегі 12 каналдың шаруаларға қажетті ағын судың дер кезінде ысырапсыз жеткізілуін қатаң бақылауды тапсырды.
Биылғы лимиті 663 млн текше метр суды құрайтын аудан шаруалары секундына 324,514 текше метр су алып, 2248 гектар алқапты суғарып үлгерген. Шілде айынан бастап «Достық» магистральды каналы арқылы көршілес елден келетін ағын судың көлемі 50 текше метрге жеткен.
Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы аграрлық әлеуеті жоғары, ауыл шаруашылығы бағытында үлкен тәжірибесі мен жетістіктері бар өңір. 2025 жылдың маусым айында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар мен […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдайтын жыл сайынғы Жолдауында өңірлер мен елді мекендерде бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын […]
Экономист Мақсат Серәлі әлеуметтік желідегі парақшасына қазір елде қызу талқыланып жатқан АЭС құрылысы туралы жазып, оның бірқатар артықшылығын атады. Оның айтуынша, Еуропаның бірқатар ауылын аралап, электр қуатының қымбат екеніне көзі жеткен. Атом электр станциясының тиімді, […]
Пікір қалдыру