ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жетісай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың кезекті жиыны өтті.
Жиынға аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев пен аудандық «Нұғман» орталық мешітінің бас имамы Айдарбек Садықов, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бірқатар дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Серік Қонысбекұлының төрағалығымен өткен ведомствоаралық жиында аудандағы қоғамдық-саяси ахуал жан-жақты талқыланып, этносаралық татулықты нығайту және қоғамның қауіпсіздігін, тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Күн тәрбіне сәйкес бірқатар азаматтар маңызды мәселелер төңірегінде ойларын ортаға салып, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарын пысықтады.
«Қазақстанның дамуы мен экономикалық өсім қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен достық, өзара сенім мен құрметтен бастау алады. Біз бірлесе атқарған жұмыстар арқылы азаматтарымыздың татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз» деген аудан әкімінің орынбасары мемлекет басшысының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсенді түрде атсалысуды және ҚХА өкілдерімен тұрақты жұмыс кездесулерін өткізу туралы тапсырмасының кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Әрбір азаматқа жүктелген міндеттемелердің дұрыс атқарылуы тапсырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*