ЖЕТІСАЙДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Халық заңгері» – Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде өткізілетін республикалық акция. Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетеді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы акция бүгін Жетісай ауданында да өтті.
Аталмыш акцияға Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовпен қатар өзге де мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Түркістан облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Мырзабек Менисбаев, нотариус Гүлнұр Акилбаева мен Түркістан облысы заңгерлер палатасының заңгері А.Ақшораев қатысып, жергілікті 55 азаматқа шешімін таппай жүрген мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.
«Бүгінгі акцияның маңызы жоғары екендігі сөзсіз. Өйткені, әрбір тұрғын акция аясында шешімін таппай жүрген даулы мәселелері бойынша нақты құқықтық кеңестерін алып, кейбір мәселелерде медиация тәсілдері жүзене асып жатады.
Бүгіннің өзінде бірқатар азаматтарға аудандағы мемлекеттік органдар мен облысымыздағы заңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмектер көрсетілді» дейді Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*