Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар тақырып аясында баяндама жасап, коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы жауаптыларға шетелдік компаниялардың тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу ұсыныстары бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуын баяндады. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, осыған дейін 32 300 адам қатысып, жоспар 57% орындалып отыр. 26 482 адамды іске асырылып отырған тұжырымдамалар, даму бағдарламасы және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 13 102 адамға орындалып отыр. Қала әкімі сала басшысына жұмыспен қамту шараларын тиісті басқармамен бірлесе атқарып, инвестициялық жобаларда құрылатын жаңа жұмыс орындарына жергілікті азаматтарды тартуды ұйымдастыруды тапсырды.
Жиында жылу маусымына дайындық шаралары пысықталып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Аудан әкімдеріне халыққа қолайсыздық туғызатын жағдайларды алдын алу бойынша тапсырма берілді.
— Әр әкім өз ауданындағы жағдайдан хабардар болып отыруы керек. Қай жерде қандай жұмыстар атқарылып жатыр, қай жерде қандай проблема бар, үнемі қадағалау керек. Аудан аумағындағы кез-келген жағдайға жауапты болуы тиіс — деді Ғ.Сыздықбеков.
Сондай-ақ мәжілісте тұрғын үй қорын жаңғырту бағытындағы жұмыстарды жүргізуде де сала басшысына нақты тапсырмалар берілді.
Президент Жолдауындағы «Тарифті инвистицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшудің тиімділігі жан-жақты түсіндірілуде. Бұд жаңа саясатқа сәйкес, қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді. Өйткені, еліміздегі коммуналдық және […]
Сегодня в нашем городе прошел масштабный субботник в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Мероприятие было направлено на улучшение состояния окружающей среды и повышение чистоты в городе. В нем приняли участие многие учреждения и организации, […]
Шымкент қаласында ерекше форматтағы танымдық-тәрбиелік іс-шара өтті. Патрульдік полиция полкі мен жас жол инспекторлары бірлесе ұйымдастырған шара аясында мектеп оқушылары полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысып, құқық қорғау органдарының қоғамдағы орны мен маңыздылығын жан-жақты түсінуге мүмкіндік […]
Пікір қалдыру