Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде тұрақты өсім бар. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық өсімі 11,6 пайызды құрап, республика бойынша алғашқы 3-орынға көтерілген (2023 жылдың тиісті кезеңінде – 6 орынды құраған).
Қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты, жергілікті бюджеттің түсімдері артқан. Биыл бюджет шығыстарының көлемі 764,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 107,0 млрд теңгеге көбейді. Ал, бюджет түсімдерінің көлемі 61 млрд теңгеге ұлғайып, 404 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі таңда оның 272 млрд теңгесі түсіп, жоспар 19,8% — ға артығымен орындалды. Бюджет көлемі артуына байланысты халықтың табысын арттыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Биыл жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жалақысы төмен 15 мыңға жуық қызметкерге қосымша 50 мың теңге үстемеақы тағайындалып, ең төменгі жалақы 140 мың теңгеге көтерілді. Оған жергілікті бюджеттен 8,1 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, биылдан бастап кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге, қаржы айналымын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беру мақсатында бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.
В районе Еңбекші города Шымкента был проведен очередной городской субботник, направленный на сохранение чистоты и озеленение города. В этом мероприятии активно участвовали местные жители, которые с большой заинтересованностью присоединились к работам по благоустройству и поддержанию […]
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, кәсіпкерлер палатасының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты. Қала басшысының орынбасары жыл сайын өткізілетін […]
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясының кезекті шарасы Еңбекші ауданы Жібек жолы бойындағы аулалардың бірінде ұйымдастырылды. Оған “Amanat” партиясы Шымкент қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері, Жастар рухының, қоғамдық бірлестіктер мен әкімшілік өкілдері және еріктілер атсалысты. Жалпы тазалық акциясына […]
Пікір қалдыру