Жергілікті бюджеттен ипотекалық негізде тұрғын үй сатып алушыларға жалпы сомасы 300 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты беріледі. Әзірге сертификатқа өтінімдер қабылдау басталған жоқ. Хабарландыру қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жарияланатын болады.
Тұрғын үй сертификаты мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Бұдан бөлек жыл басынан бері 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап азаматтардан құжаттар қабылданып, 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген болатын. Бұл қолдауды 76
1,2 топ мүгедектігі бар азамат, 16 толық емес отбасы, ерекше бала асыраушы 49 отбасы, бюджеттік мекемелердің 40 қызметкері, 30 көпбалалы отбасы, 7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар иеленді.
Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде 148 отбасы тұрғын үй сертифаттары арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізген болатын.
Шымкент қаласы Бозарық елдімекені бүгінде территориялық ауқымына қарай екіге бөлінеді. Яғни Бозарық шағын ауданы және саяжайы. Қаланың жаңа құрылымдық жоспарына сай қазір Бозарық шағын ауданы Абай ауданына қарасты болып белгіленген, ал Бозарық саяжайы Қаратау ауданының […]
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Қошқар-ата, Шымкент, Гүлдеурін-1 су арналарына күнделікті тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аталған су арналарының тазалау жұмыстарына жауапты «Фараб құрылыс» мердігер мекемесінен жалпы саны 40 қа жуық жұмысшы […]
Абай ауданы әкімі Шәкір Асылханұлы жақында аудан аумағында атқарылып жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысу мақсатында бірқатар шараларды аралады. Атап айтқанда, Жиделі шағын ауданында бой көтеріп жатқан жаңа сквердің құрылысымен танысқан әкім, оның маңыздылығына […]
Пікір қалдыру