«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» бастамасы — тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды, туған жерге деген қамқорлықты азаматтық ұстаным ретінде тәрбиелеуді көздейді. Партиямыздың қалалық филиалы тазалық жұмыстары атқарылуы тиіс аумақтардың картасын әзірлеп, жауапты ретінде аудандық атқарушы хатшыларын, бастауыш партия ұйымдарын, мәслихат депутаттарын, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділерін бекітті. Елді мекендерде, көпшілік жүретін күре жолдардың бойында, демалыс аймақтарында партияның ықпалымен өтіп жатқан игі шараға қоғамда орны бар танымал азаматтар, спорт шеберлері, ардагерлер мен жастар көптеп тартылуда. Бүгінгі тазалық жұмыстары Әл-Фараби ауданындағы бұрынғы «Фосфоршылар сарайының» маңында өтті. Жиналған жұрт сенбілікті таңғы жаттығумен бастап, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. 200-ден астам аманаттықтар 1 тонна күл-қоқыс жинап, 2 шаршы шақырым жерді тазалады.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР 12 БАЛАСЫ БАР ОТБАСЫҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ
Бүгін Шымкентте жалдамалы тұрғын үйде тұратын 12 баласы бар ата-ана кәсіпкерлерден сыйлық ретінде үш бөлмелі пәтер алды. Осындай кең ауқымды іс жасаған кәсіпкерлер – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасеитов басқаратын Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік […]
САРЫАҒАШ ЖӘНЕ ОРДАБАСЫ АУДАНДАРЫ — ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ ТӨРІНДЕ
Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін шырайлы Шымкент шаһарына өз тауарларын Сарыағаш және Ордабасы аудандарының өкілдері алып келді. Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 […]
Шымкент: Короновирустың алдын алу жолдары түсіндірілді
Бүгінде коронавирус инфекциясының қаупі басылмай отыр. Сондықтан індеттің алдын алу барысындағы негізгі талаптарды білу мақсатында Шымкент қаласы ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Машировтың пікірін білдік. Маманның айтуынша, ең алдымен бетперде тағу режимі басты назарда […]
Пікір қалдыру