Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында құрылған келісім шарт негізінде аялдамаларды жууды қолайландыру мақсатында жаңа технологияның негізін қалаушы азаматтың мердігер мекеме басшылығымен кездесуі ұйымдастырылды.
Жаңа технология:
— уақыт үнемділігі
-жұмысшыларға қолайлы
-су шығыны үш есе аз қолданылады
-қаржылай тиімді және т.б пайдалы тұстары аталып өтті.
Жалпы қала аумағында 1886 аялдама бар. Павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, оның ескі үлгідегі аялдама саны – 500, ал жаңа үлгідегі аялдама – 838. Осыған байланысты, ағымдағы жылы қала аумағын толық аялдама павильонымен қамтамасыз ету үшін қажетті аймақтарға 398 аялдама орнату және 500 ескі аялдаманы жаңалау жоспарланды. 2024 жылдың ІІІ-ші тоқсанында 898 жаңа аялдама павильондарын орнату жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қаланың орталығында орналасқан 200 аялдамаға атауларын орнату жұмыстары іске асырылуда
Статистикаға сәйкес, Шымшаһар автокөліктің көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.
Шымкент қаласында 21 миллиард теңгеге ұзындығы 21 шақырымды құрайтын Ташкент бағытындағы даңғыл салынады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жайлы Шымкентке іс-сапарымен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің алдында жасаған баяндамасында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады. […]
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың бұйрығына сәйкес еліміздің әскери бөлімдерінде бірыңғай Ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталған шараға мерзімді әскери қызметшілердің 4 мыңнан астам ата-анасы мен туған-туысы арнайы шақырылып, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігіне ие […]
Әл-Фараби ауданы аумағында күзгі тазалық жұмыстарының қарқынды жүргізілуі қала экологиясы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. ЖСШ «Таза Өлке» қызметкерлері осы бағытта белсенді жұмыс атқарып, қаланың көркін келтіру үшін күнделікті […]
Пікір қалдыру