«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» ЖОБАСЫ- ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕК ҚОЛДАУ

Түркістанда ерекше балаларға арналған «Жұлдызды сәт» мега-жобасы сәтті аяқталды. Іс-шараға неврологиялық сырқаттары бар балалар қатысып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Концерт барысында көрермендерге қолөнер көрмесі ұсынылып, театрландырылған сахналық қойылым көрсетілді.

«Жұлдызды сәт» мега-жобасын Түркістан қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі ұйымдастырды. Оған Кентау қаласынан, Келес, Сауран аудандарынан келген 200-ге жуық ерекше қажеттілігі бар бала қатысты. Жиында сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, бүлдіршіндерге шаһар басшысының арнайы сәлемін жеткізді.

— Бүгінгі жиналғанымыздың өзі әрқайсысының өзіне жараса өнерлері бар. Өздеріне жарасымды ерекше дарынды қасиеттері бар. Міне осыны біз ерекше дарынға талантқа ие балаларымызды тұрақты түрді көтермелеу, құрметтеу және балалармыздың өнерлерімен дарындарын қолдау мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз.

Одан бөлек, келушілер назарына «Жігерлі жандар» мотивациялық деректі фильмі ұсынылды. Сонымен қатар жобаға қатысушылар мен ата-аналар арасында этно- модерн стиліндегі сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

«Бұл шарада ерекше балалараымыз сахнаға шығып өнерін көрсетеді.мАналарымен қосылып сән үлгілерін көрсетеді. Билейді ән айтады.  Балдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі. Оларды біз ерекше балалар деп атаймыз. Қазір көрермендер жан-жақтан өңірлерден келіп отыр.» бөлімінің басшысы Эльмира Бейсекова.

Шараға қатысушыларды қолдап, Шымкент қалалық 19-шы мүгедектігі бар жандарға арналған спорт мектебінің спортшылары «Шексіз» би композициясын орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Эстрада әншісі Бейбіт Кушкалиев те сахна төрінде өзінің әсем әуенін шырқады, бұл да келушілердің көңілін көтерді.

«Жұлдызды сәт» мега-жобасы ерекше балаларға шығармашылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған игі бастама болып табылады. Осылайша, олар сахнада өз таланттарын танытып, қоғамда ерекше қажеттіліктері бар балаларға назар аударуға мүмкіндік алды. Шараның мақсаты – балалардың шығармашылығын насихаттап, оларды қолдау, және әлеуметтік ортада интеграциялауға бағытталған.

Осылайша, Түркістанда өткен «Жұлдызды сәт» мега-жобасы ерекше балаларға арналған маңызды шара болып, олардың өнерін көрсетуге және қоғамның назарын аударуға үлкен мүмкіндік берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*