Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? — деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осы ретте Түркістан ҚПБ қызметкерлері, әкімшілік Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы», әрбір Сектор қызметшілері және Ерікті жастар бірлесе қала көлемінде есірткі жасырылуы, жарнамалар орналастырылуы ықтимал орындарды анықтау үшін рейдтік іс-шараға жұмылдырылды.
Айта кетсек, 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 кг есірткі заттары тәркіленді. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған.
Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.
Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Ал полицейлер жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.
«Қазақстан балалары» ұлттық тұжырымдамасы аясында елімізде 25 мамыр – «Балалар үні» күні ретінде кеңінен аталып өтуде. Бұл күн балалардың ойы мен ұсыныстарын тыңдап, олардың дамуына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ерекше мереке. Осыған орай Түркістан облысында […]
Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай паркін құрудың жалғасы ретінде заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысандар салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қызықты әрі маңызды […]
Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында нашақорлық, зиянды заттардың азаматтардың, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырған болатын. Азаматтарымыздың, жастарымыздың дені сау, жаман әдеттерден аулақ болуына, қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуға үлкен мән […]
Пікір қалдыру