Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аялдамалар тазаланып, жол белгілері жаңартылып жатыр.
Гүлдала, Исрайлов, Сыздықов көшелерінде шұңқырлар жамалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Темірлан тас жолы бойындағы су ағарлар тазартылып, темір қоршаулар қалпына келтіріледі. Бәйдібек би — Төлеметов көшелерінің қиылысына қосымша жолақ қосылып, Бәйдібек би Зообақ тұсындағы аяқжолдар ретке келтірілуде.
Сонымен қатар Сәтпаев, Жастар, Жеңіс көшелері асфальттеліп, Орынбай ақын, Қалдаяқов көшелері бойына жасанды жол кедергілері орнатылды. Ал жөндеуді қажет ететін жол белгілері мен бағдаршамдарға күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл акция жаңа экологиялық сана қалыптастырып, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды.Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Шапырашты көшесінің қиылысындағы жол айрығының жол таңбалары сызылды.Сонымен қатар, Шымкент қаласы көшелеріне Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40км/сағ) 4 дана, 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 20 км/сағ) 4 дана жол белгілері орнатылуда.
«Білім мекемелерінің алдына жол белгілері қойылып, оқушылардың қауіпсіздігі жан-жақты қамтамасыз етіліп жатыр. Атап айқанда, «Сайрам» шағынауданындағы мектеп алдына 1 дана жасанды жол кедергісі орнатылды. Сонымен қоса, Қазиев көшесінің бойындағы «Дарын» мектебінің алдына 1 дана жасанды жол кедергісі және Терешкова көшесінің бойына 2 дана жасанды жол кедергісі орнатылды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.
Еліміздің үшінші мегаполисі, Шымкент қаласында абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. […]
Шымкент қаласының әкімдігі Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге бірінші күннен бастап арнайы техника мен мамандарды жіберіп көмек қолын созды. Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінен күнгейдегі су басқан ауылдарға авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы […]
Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлттық домбыра күніне орай игі дәстүрге айналған челленджге белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты. Жас жауынгерлер бұл шара арқылы қазақ халқының рухани мұрасын ұлықтап, мәдениет пен өнердің […]
Пікір қалдыру