ТҮРКІСТАНДА 10 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАННЫҢ ҚАСБЕТІ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

Түркістан қалалық сәулет бөлімінің басшысы Мұхит Көшеновтің төрағалығымен ұжымдық мәжіліс өтті. Жиналыста қала басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалу көрсеткіші талқыланды.
Атап айтқанда шаһардағы ретсіз орналасқан 9 нысан алынды. Анықталған 14 кәсіпкерлік нысанның иелеріне сыртқы сәулеттік келбетті реттеу бойынша ескерту беріліп, 10 кәсіпкерлік нысанның қасбеті ретке келтірілді.
Одан бөлек, белгіленбеген орындарға ілінген 596 жарнама дермонтаждалып, 71 жарнама нысаны заң талаптарына сәйкес тіркеуге алынды.
Түркістан – исі қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұрты­ның рухани астанасы. Түркістанға облыс орталығы мәр­те­бесін беру ұтымды шешім болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі саналатын киелі қалада 21 хан мен 8 сұлтанның, 23 би мен 59 батыр жерленгені ресми түрде дәлелденген. Бүгінде облыс орталығы бол­ған киелі шаһар халықтың көз алдында күннен-күнге көркейіп, гүлденіп жатыр. Сырттан келген қонақтар әрбір сапарында қаланың сәулетіне көрік қосылып, өзгеріп жатқанын көреді. Көз тартар зәу­лім-зәулім ғимараттар, тұрғын үй­лер қаланың жаңарып жатқанын байқатады. Облыс орталығы мәрте­бесін алған 4 жылдан бері құрылысы тоқтаған емес. Әрбір жетістіктің артында еңбек адамдарының маңдай тері тұр Иә, мұның барлығы да оңай­лықпен қол жеткізілген жетістік емес. Әрбір құрылыс облыс бас­шы­лығының тікелей бақылауында бол­ғанымен, кез-келген жұмыстың, же­тістіктің артында еңбек адам­да­рының табанақы, маңдай тері тұр­ғанын айтпай кетуге болмайды. Ал, құрылыстың күні-түні басында жү­ріп, қадағалайтын сала басшы­ла­ры­ның да еңбегі зор. Мұндайда шаһар­дың көркеюіне тікелей жауапты қала басшысының да алар орны ерекше. Қаланың құрылы­сы­нан бөлек, әлеуметтік-экономика­лық дамуы да назардан тыс қалмауы тиіс. Осы ретте халық санының да артып жатқанын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*