Түркістандағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары қатысты.
– Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздегі ең маңызды мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев І Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы халық қолдады. Себебі, оның тарихи мәні бар. Бұл – ұлт үшін жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың төгілген қаны мен еңбегінің өтеуі. Асыл аналарымыздың ақ тілегінің жемісі. Сондықтан азаттықтың қадірін білуіміз керек. Жыл сайын Республика күні Президентіміз ту көтеру рәсімін өткізеді. Бұл іс-шара республиканың барлық өңірінде өз жалғасын табады. Міне, биыл да осы мақсатта Түркістан төрінде жүздесіп тұрмыз. Бүгінгі мереке Республиканы құрудағы тұлғалардың елеулі еңбегін дәріптейтін, азат ел екенімізді мақтан тұтанын күн екенін естен шығармайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Көк байрағымыз әрдайым көкте желбіреп, еліміздің мәртебесі биіктей берсін! – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Республика күніне орай Түркістан қаласында авто және велошеру ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. «Жаңа леп» өнер ұжымы хор орындады. Әскери оркестр Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін, ал «Сарын» тобы «Қазақстаным» әнін шырқады. «Айдай» би ансамблі мен жастар флешмоб көрсетіп, көпшілікке мерекелік-патриоттық көңіл-күй сыйлады.
Түркістан жұртшылығы маңызды мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, мемлекеттік рәміздер дәріптелді. Бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
Түркістандағы ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр.
Айта кетейік, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Аталған декларация еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болды. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері, ел аумағының тұтастығы жарияланды. Қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітіліп, көпшілікке ұсынылды. Осы декларацияның арқасында ел тәуелсіздігінің негізі қаланған болатын.
Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін рухани шаһар бүгінде өрлеп, өркендеп келеді. Қаланың аз уақыт ішінде дамуы нақты жоспарлар мен маңызды шешімдердің нәтижесі. Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Олармен Түркістан […]
Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын ресми түрде бастады. Күрделі жөндеуден өтіп, жаңа жатын орындарымен толыққан демалыс орны енді балаларды бұрынғыдан да жақсы жағдаймен қарсы алуда. Жаңарған лагерь тек сырт […]
«Ұлы дала елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына орай танымдық-мәдени шарасы өтті. «Халқының адал перзенті» атты жиынға туған ауылынан көзін көрген замандастары, зиялы қауым […]
Пікір қалдыру