Түркістан облысында қолөнер бұйымдарын жасау ертеден келе жатқан үрдіс. Бұл істі одан әрі жандандыру мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдің қолөнер шеберлері республикалық және халықаралық көрмелерге белсене қатысып келеді. Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында отандық 450 шебер рекорд орнатты. Олар «Гауһартас», «Сынық мүйіз» және «Аламан» құрақ техникалары бойынша 11 200 шаршы метр көрпеше құрап, «Кинэс» Қазақстан рекордтар кітабына енді. Олар 500-ге жуық көрпе тігіп, Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Соған байланысты Астанаға еліміздің әр өңірінен тігіншілер келіп, дүбірлі доданың ашылуына дайындалып жатыр. Олардың арасында Батыс Қазақстан облысынан арнайы келген құрақшылар да бар. Басты мақсат – ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық өнерді, төл мәдениетімізді әлем жұртшылығына паш ету.
Ел абыройын асырған шеберлер қатарында Созақ ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақбілек Байтемірқызы да бар. Айта кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында өтіп жатқан айтулы шараға әлемнің 85 елінен 4 000-ға жуық спортшы қатысуда. Спорт жарысынан бөлек бұл шараның мақсаты — отандық туризмді, этномәдениетті дамыту.
Ауылшауашылығы дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Ол адм денсаулығына әсері болатын белгілі. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің […]
Бүгін Түркістан қаласына пандемия кезіндегі науқастарға аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келді. Алматы қаласындағы фармацевтикалық компаниядан 27 млн. теңгеге халыққа қажетті 136 түрлі 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек әкелінді. Атап айтқанда, антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және […]
Түркістанда өткен форумда «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының әлеуметтік қолдау шараларының қағидалары мен ережелері туралы жастарға кеңінен түсініктеме беріліп, облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Дәурен Сариев өз сөзінде еліміздің болашағы жастардың қолында екенін, сол […]
Пікір қалдыру