Түркістанда өткен форумда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндірілді

Түркістанда өткен форумда «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының әлеуметтік қолдау шараларының қағидалары мен ережелері туралы жастарға кеңінен түсініктеме беріліп, облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Дәурен Сариев өз сөзінде еліміздің болашағы жастардың қолында екенін, сол үшін барлық істің басын ауылдан бастау керектігін тілге тиек етті.

         «Бүгінгі форум ерекше өтуде. Біздің нағыз ұлтжанды, патриот жастарымыз өздерінің еліне деген сүйіспеншілігі мен дамыту жолындағы жетістіктерін ортаға салды. Алдағы атқарар қыруар тірліктері туралы ұсыныстарын білдірді. Міне, олар Қазақстанның одан әрі өркендеп дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдіруде», деп ерекше атап өтті.

Жастарға берері мол шарада жас мамандар мен президиум мүшелері арасында еркін байланыс орнап, түрлі сала бойынша сұрақтарға жауап берілді. Форумға жиналған жастар елдің болашағы мен кемел келешегі үшін жасаған еңбектерін ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Шара соңында белсенді жастарға алғыс хаттар табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*