Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның 45,4%-ы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар. Ал 54,6%-ы – тас жол.
2024 жылдың жоспарына сәйкес, шаһардағы 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 41,7 шақырымдық 40 көшесіне асфальт төселді. 5,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде құрылыс жұмыстары іске асырылуда. Асфальт салу жұмыстары инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталған, топырағы табиғи тапталу кезеңінен өткен көшелерде жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесімен, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесі 45,4%-дан 50,3%-ға өсті.
Сондай-ақ биыл жол сапасын жақсарту мақсатында қосымша 36,8 шақырымды құрайтын 30 көшеге асфальт төсеу көзделген. Қазір 14 шақырымды құрайтын 10 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аталған көшелердің асфальт жолдарына толықтай қаржы қаралған жағдайда, жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Оған қоса биыл қалада 11,9 шақырымдық 11 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде 7,9 шақырымды құрайтын 8 көшеге аяқжол салынып, 4 шақырымды құрайтын 3 көшеде жұмыс жүргізілуде. Жоспар қазан айында толық аяқталады.
Қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерінің (сарқынды су, ауыз су) құрылысы салдарынан зақымдалған 102,6 шақырымдық 154 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, биылғы жоспарға сай, қала аумағындағы жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 95%-ға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда шаһарда 243 көшеде жарықтандыру жұмыстары аяқталып, оның ішіндегі 107 көше қуат көзіне қосылды.
Елімізде пандемияға байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды. ҚМДБ тарапынан «www.qurban2020.kz» сайты арқылы құрбандық онлайн жүйесі арқылы қабылданып, мұқтаж отбасыларға таратылады. Мұқтаж отбасылардың тізімдері мен […]
Халық тұтынатын азық-түліктің сапалы болғаны өте маңызды. Әсіресе жаз мезігілінде адамдардың жеміс-жидекке, тамаққа улануы жиі кездеседі. Осының салдарынан олар ауруханаға түсіп, әбігерге түсіп жатады. Осы мәселені болдырмау үшін азық-түлік сапасы жіті қадағалау керек. Тексеріс барысында […]
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Б. Айтпаевтың төрағалығымен өңір аумағында қызмет көрсететін 78 жеке күзет ұйымының құрылтайшылары мен директорлары қатысқан кең көлемді семинар-кеңес өтті. Бұл жиын «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру» […]
Пікір қалдыру