Олар ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын Қошқарата ауылдық округінің Бәйтерек елді мекеніндегі Алтыбаев және Жеңіс көшелері, Ақтөбе ауылдық округіндегі Бозсу елді мекенінің 4 көшесі олар, Денсаулық, Жаңа ғасыр, Жаңа ғасыр 1 және Жаңалық көшелері жөнделеді. Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Қауыншы елді мекенінің Б.Тәжібаев көшесі де жаңаланады. Қазіргі таңда 7 көшенің де жеңімпазы анықталған. Келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстары тамыз айында басталуы жоспарланған.
Жолы жаңаратын ауылдардың қатарында Абай ауылындағы 8 көше, Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб порталына жариялау жұмыстары атқарылуда. Жоспарлы жұмыстар жүзеге асқан соң Ақжол ауылы мен Бәйтерек ауылдарының ішкі көшелері 100 пайыз асфальттанса, аудан орталығының 99 пайызы орта жөндеуден өткен көшелер болмақ.
Жол жөндеу жұмыстар аудан аумағының өзге де нүктелерінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын «KXSG-31 Бекбота-Ащыкөл» жолының 9,9 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Пікір қалдыру