«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ГАГАРИН КӨШЕСІНІҢ БОЙЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҚТАРЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Тазалық – саулық негізі» демекші, тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екені әлемді шарпыған індетпен күресте айқын көрініс тапты. Дегенмен де осыны біле тұра табалдырықтан басталатын тазалықты қоршаған ортада сақтай бермейміз. Ол біздің әлі де мәдениетіміздің төмендігін білдіреді. Ауылдың келісті келбетінің ажарын ашатын тек сәулетті ғимараттар мен гүлзарлар ғана емес, бірінші кезекте, оның тазалығында. Ал, тазалық әр ауладан, отбасынан басталады.

Бүгінгі күн- кешегісінен өзгерек. Себебі, биылғы жылы нақтылап қолға алынған тазалық жұмыстары бүгінгі күнге тура келген. Болашақта Қазақстанның таза қала болуына, ел тұрғындарының бойына тазалық мәдениетін қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысы жоспарлы жобаны қолға алған. Мақсат — жастардың туған жеріне деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыра отырып, мәдениеттілікке тәрбиелеу, баулу.

Өздеріңіз білетіндей елдің түкпір-түкпірінде  түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.  Республикалық «Таза Қазақстан» жобасы аясында Тұран ауданына қарасты Гагарин көшесіндегі 16, 18, 20 және 24 үй аулаларында «Таза Бейсенбі» акциясы ауқымды түрде өтті.

Сенбілікке қоғам белсенділері, жастар, коммуналдық мекеме қызметкерлері және жергілікті тұрғындардан құралған 120-ға жуық адам белсенді қатысып, ортақ мүдде үшін біріге еңбек етті. Қала тазалығы мен қоршаған ортаны қорғау жолындағы осы шара барысында 20 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылып, аула іштері мен 800 метр арық жүйелері толықтай тазартылды.

Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін 5 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде тұрғындарымызға таза әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында тағы бір маңызды шара ұйымдастырылды. Бұл акция – тек тазалық қана емес, экологиялық сананы қалыптастырудың маңызды бір бөлігі болып табылады.

Әр жеті сайын дәстүрге айналған сенбілікке ауданның  қазалық мекемелері мен қоса кәсіпкерлік нысандар мен әлеуметтік нысандар да белсенді кірісті.  Тұран ауданы тазалық мәдениетін қалыптастыруда тұрақты әрі ауқымды жұмыстар атқаруда.

Жалпы аудан бойынша 12300 адам қатысып, 470 тонна қоқыстар мен қалдықтар шығарылды.

Шыны керек, көктем шығысымен, ала жаздай қоқыспен алыссақ та, күзде қайта ластанған кейіпке енетініміз рас. Оның міндеті мен ауыртпалығын жауапты қызметкерлерге ысырып қою қисынға келмейді. Әрине, олардың бұл тікелей міндеті шығар, дегенмен әрбір тұрғында туған өлкеге деген жанашырлық пен сүйіспеншілік болуы керек. Сондықтан ортақ іске бөле-жара қарап, жауаптыларға жауапкершілік арқалатпай, түсінген адамға ауылының тазалығына ортақтасатын кез келді. Еш болмаса үй сырты мен аула тазалығына мән берсек, көшеге де көз тастап қою нағыз азаматтық іс болар еді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*