Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Шымкентте спортты қолжетімді ету мақсатында көптеп ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары салынып жатыр.
2024 жылы Тұран ауданында жалпы балаларға арналған 40 жоба жоспарланған. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балалар /спорт), 2 спорт алаңша. 2 нысан бойынша жұмыс атқарылуда, 20 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағында демеушілер тарапынан Түркістан ш/а Айқап көшесіне балалар ойын алаңшасын және Рысқұлбеков көшесіне тренажерлық алаңша орнатылды. Ал 24 нысан бойынша мердігер анықталып, жұмыстар атқарылуда. Тозығы жеткен 30 ашық спорт алаңшаларының жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, жаңаланып жатқан аулалар соңғы рет 2013 жылы абаттандырылған. Аулалардағы элементтердің басым бөлігінің тозығы жеткен, темірден жасалынған бұйымдар.
Тағы бір айта кетерлік жайт, балаларды қорғау күніне орай Қажымұқан стансасынан Дендросаябақ аралығына дейін жүріп өтетін ұзындығы 5 шақырымға жуық «Тұлпар» балалар темір жолының орнына веложол салынды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы баспалдақ жасалды. Аудан аумағында демеушілер тарапынан 2 демалыс аумақтары (аллея, сквер) тұрғындар игілігіне берілді. Нақтырақ айтатын болсақ, Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал) және Мадлен мейрамханасы аумағында (Шымкент қонақ үйі).
Көпқабатты тұрғын үйлер аумағында қызылды -жасылды ойын тербелмелері көздің жауын алады. Балалар ғана емес, ересек адамдар да қызығатындай. Жалпы қазіргі таңда аулаларды қайта жаңарту барысында заманауи ойын элменттері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселеді. 3 D ойын кешені, әткеншектер, тербелмелі теңгергіш, құмсалғыш, тербелмелі мотоцикл, тербелмелі жылқы ойын элементтері орнатылады. Ойын алаңшаларын салып жатқан мердігер мекемелер құрылысқа қолданатын заттардың барлығы тек отандық өнім болады дейді. Тіпті ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніштің өзі Шымкентте жасалады екен.
Пікір қалдыру