Облыс әкімі Ж.Түймебаев, Сайрам ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде несие алған жеке кәсіпкер Улугбек Ирсалиевтің шаруашылығына атбасын бұрды. Мал шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан кәсіпкер таяуда «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 5 млн теңге несие алыпты. Ол қаржыға 34 бас мал сатып алып, бордақылапты. Бүгінде оның қорасында 20 бас ірі қара мал бар. Небәрі 14 соттық үй іргелік жер телімін тиімді пайдаланып отырған кәсіпкерді жұмысына разы болған әкім облыстың өзге тұрғындарына үй іргелік кәсіптің тиімділігін үйренуге шақырды.«Қандай керемет. Үйіңіздің ауласы тар боласа да, тап-тұйнақтай. Кішкентай ғана аулада бау өсіріп, мал бордақылап табыс тауып отырсыздар. Сондықтан облыстың өзге тұрғындарын осындай ұсақ шаруашылықтарды ертерек меңгеруге шақырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.Өңір басшысының назарынан «Өрлеу» жобасы аясында 312 мың теңге көлемінде демеу қаржы алған кәсіпкер Нұржан Балабековтің тігін цехы да тыс қалған жоқ. Бұл қаржыға ол тігін машинасы мен жіп құралдарын сатып алыпты. Мұнда қазір қыз жасауына аса қажетті оюлы көрпе-төсек жабдықтары әзірленуде.
Ұқсас жаңалықтар
Сайрам ауданы 10 айда 52 миллиард теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімін өндірген
2017 жылдың 10 айында Сайрам ауданының ауылшаруашылығы саласында 52 млрд. 656 млн. 700 мың теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліпті. Яғни бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызға орындалып отыр. Ал, оның ішінде, мал шаруашылығы […]
Мақтааралдық шаруалар, Сайрамдағы «Шош» шаруақожалығының жұмысымен танысты
Мақтааралдық шаруалар жеке кәсіпкерлер Алимжан мен Бахтияр Шадықұловтарға тиесілі «Шош» шаруақожалығындағы ірі қараны бордақылау кешенінде болды. Аумағы 70 соттық жерді құрайтын бұл кешенде ірі қараны бордақылауға қажетті барлық жағдайлар жасалыныпты. Мұнда бүгінде 200-ден астам өгіз […]
Арыста «Өрлеу» жобасымен кәсіп ашқандар көп
Бүгінгі таңда тоғыз жолдың торабы Арыс шаһарында 646 отбасы «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, пайдасын көруде. Олар осы жоба арқасында жеке іс ашып, өздерінің шағын кәсіптерін өрлетуде. Осылардың бірі көпбалалы ана — Оразкүл […]
Пікір қалдыру