Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы аясында Төлеби ауданындағы №7 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жəне Бірінші Мамыр елдімекеніндегі №2 Балалар үйінде «Бақытты балалық» концерттік шарасы өтті. Туа бітті кемістігі бар мүгедек жəне жастайынан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, балғын балаларды арнайы құттықтау мақсатында өткен қайырымдылық шарасында облысқа белгілі өнерпаздар əуелете əн салып, бүлдіршіндермен қосыла би биледі. Туған жер, Отан, бақытты балалық шақ аясындағы əндерге шаттана қол соғып, қуанған балғындарға арнайы тəттілер де үлестірілді. Сыйлықтарға облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Əділханов Нұрлан Ыдырысұлы, мекеме орынбасары Жорабеков Берік Əбдіқадырұлы жəне жас актриса Зульфия Омарова демеушілік жасады.Бұған дейін де мекеме тарапынан қайырымдылық шаралары дəстүрлі түрде ұйымдастырылып, ел келешегі-жас ұрпақтың арманшыл ойларына қанат бітіріп, жүректеріне қуаныш ұялатып келсе, жаңа жыл қарсаңында да бірқатар жоспарлар қолға алынуда.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 2016-2017 оқу жылдарында 97 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілген
2016-2017 оқу жылдарында Оңтүстік Қазақстан блысында 94 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл аудандық, қалалық бюджет есебінен 43 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарына 2,6 млрд теңге қаралған. Бүгінгі таңда 45 […]
ОҚО-да іске қосылған гидро электр станция Қазығұрт ауданына қажетті электр энергиясының 5/1 бөлігін қамтып отыр
ОҚО Қазығұрт ауданында жылына 63,2млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясы бүгінде сәтті жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын Қызылқия, Қақпақ ауыл әкімдігіне қарасты төрт елді мекендерге электр қуатын шығаруды бастап, сынақ мерзімін өткізу жұмыстарын жүргізуде. Электр станциясы өндірілген өнімді Қызылсенгір елді мекенінің электр желісіне қосу үшін «Оңтүстік жарық» мекемесіне 1кВт […]
ОҚО-дағы егістік жер көлемі 800 мың гектарға жуықтады
Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында брифинг берді. […]
Пікір қалдыру