Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанынан 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысанының ашылу рәсіміне облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, барша медицина саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әкім мекеме ұжымына жаңа жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.Бүгінде елімізде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан аймақ басшысы бүгінгі қуанышты оқиға осы жұмыстардың айғағы екенін жеткізді.«Жаңадан салынған корпус науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы құралдармен жабдықталып отыр. Аурухана 2013 жылдан бастап инсульт кезінде бас миы және мойын қан тамырларына жоғары технологиялық оталар жасауға қол жеткізіп, сол уақыттан бері мұнда 630 ота жасалынды. Бұдан бөлек, қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы базасында 90 бүйрек пен 13 бауыр алмастыру оталары жасалынды»,-деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікқазақстандық боксшылар ел чемпионатында 1-орынды иеленді
Облыс орталығы Шымкент қаласында 9 күнге созылған бокстан ерлер арасындағы республикалық біріншілік өз мәресіне жетті. Ақтық кездесу шарасын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Бүгінгі жарысқа екі жүздей спортшы келіп отыр. […]
ТҮРКІСТАНҒА МИЛЛИОНЫНШЫ ТУРИСТ КЕЛДІ
Бүгін Түркістан қаласына 1 миллионыншы турист келді. Америка құрама штаттарының Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды. Елімізге алғаш келіп отырған Уильям Брэнч Америка […]
Ж.Түймебаев оңтүстікқазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Айбары асқақ — Ата заң» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша өңір жұртшылығын мерекемен құттықтап, 15 азаматты […]
Пікір қалдыру