Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түскенге дейінгі атқарылған жұмыстардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін ерекше айта кеткен жөн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы уақыт аралығында Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, көпұлтты халықты игілікті істерге біріктірді. Осылайша ол, дінаралық келісім мен этносаралық татулықты серік еткен бейбіт елдің басшысы ретінде әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғаға айналды.Бүгін 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Ордабасы ауданында мерекелік жиын өтті. Орталық алаңда мерекеге орай жәрмеңке ұйымдастырылды.Мәдениет үйіндегі салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев ашып, ордабасылықтарға аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Ауданымыздың алтын құрсақты аналары осы күні «Алтын» мен «Күмістен» алқа тағынды. Әр салада тиянақты тірлігімен ерекшеленген азаматтар Алғыс хатпен марапатталды. Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концертке ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
ЖАҺАНДЫҚ ІНДЕТКЕ БІРЛЕСІП ҚАРСЫ ТҰРУЫМЫЗ КЕРЕК
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі төтенше жағдайға байланысты отандық кәсіпкерлерді мемлекеттің күш-жігерін қолдауға және осы қиын сәтте қаржылай көмек көрсетуге шақырды. Өз кезегінде отандық бизнес-қауымдастықтың кейбір өкілдері мен ірі кәсіпорындардың басшылары Қазақстанның Тұңғыш Президентінің үндеуіне үн […]
Астана Клубының бесінші отырысы өтеді
2019 жылдың11-12қарашасында«Назарбаев Орталығында» аймақтағыгеосаясат пен қауіпсіздікмәселелерінталқылауғаарналғанүлкеналаң «Астана клубының» бесінші жыл сайынғы отырысы өтеді. Екікүндік шара аясында дүниежүзіндегі ауқымды құрлықтын күтіп тұр және жаһандық үдерістер қай бағытқа қарай қарқын алуда деген маңызды сауалдар талқыға түседі. Бесінші отырыстың […]
Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді
Бүгін Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді. Жиында […]
Пікір қалдыру