Тұңғыш Президент күніне арналды

Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түскенге дейінгі атқарылған жұмыстардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін ерекше айта кеткен жөн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы уақыт аралығында Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, көпұлтты халықты игілікті істерге біріктірді. Осылайша ол, дінаралық келісім мен этносаралық татулықты серік еткен бейбіт елдің басшысы ретінде әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғаға айналды.Бүгін 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Ордабасы ауданында мерекелік жиын өтті. Орталық алаңда мерекеге орай жәрмеңке ұйымдастырылды.Мәдениет үйіндегі салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев ашып, ордабасылықтарға аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Ауданымыздың алтын құрсақты аналары осы күні «Алтын» мен «Күмістен» алқа тағынды. Әр салада тиянақты тірлігімен ерекшеленген азаматтар Алғыс хатпен марапатталды. Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концертке ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*