Оңтүстік қазақстан облысындағы Созақ ауданы ауданы көлемінде 8 ай қортындысымен 263 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 266-ға жетіп, яғни 2016 жылдың 8 айымен салыстырғанда 105%-ға артты.Айта кету керек, ауданның кәсіпкерлік саласында 2017 жылдың 8 ай қорытындысымен 9 млрд. 533 млн. теңгенін өнімі өндіріліп отыр. Бұл көрсеткішті де өткен жылдың 8 айы мен салыстырғанда 102,3% өскенін аңғартады. Мұнана өзге, орта және шағын бизнесті дамытудың локомативі ретінде ауданда құрылған индустриалды аймақта «UKO-S-Star» Металл құрастыру зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Благо Лизинг НПЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Дархан-Ас» өндірістік кооперативі ас тұзын өндіру зауыты және «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі 315 млн. 200 мың теңгені құрап отырғанын да айта кеткен дұрыс. Қазіргі таңда оларда 88 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1422 адамға грант бөлінген
«Бастау Бизнес» жобасына қатысушылар грантты мақсатты жоспар бойынша жұмсамаса, қайтарып алынады. Бұл жөнінде арнайы брифингте сөз алған Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өмірсейітқызы қадап айтты. – Биыл Шымкент қаласында 1 422 […]
Шымкентте 4-мамырдан бастап жеке кабиналары бар моншалар жұмысын бастайды
Шымкент қаласында 4-мамырдан бастап жеке кабиналары бар моншалар мен стамоталогиялық, медициналық клиникалар жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт […]
Арыстық 646 отбасы «Өрлеу» жобасымен шағын кәсіптерін өрлетуде
Арыс қаласындағы 646 отбасы «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, пайдасын көруде. Олар осы жоба арқасында жеке іс ашып, өздерінің шағын кәсіптерін өрлетуде. Осылардың бірі көпбалалы ана — Оразкүл Ақжігітова. Ол отағасымен бірге өткен […]
Пікір қалдыру