«Бастау Бизнес» жобасына қатысушылар грантты мақсатты жоспар бойынша жұмсамаса, қайтарып алынады. Бұл жөнінде арнайы брифингте сөз алған Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өмірсейітқызы қадап айтты.
– Биыл Шымкент қаласында 1 422 адамға грант 790 528,0 мың теңге бөлінді. Алайда жыл соңына дейін қаржы қажеттілігі туындаған жағдайда Республикалық бюджеттен қосымша қаржы сұралады. Ал бүгінге дейін комиссия отырысы 5 рет өткізіліп, 629 азаматтың «Бизнес-жоспары» қаралды. Оның 588-і оң шешімін тауып, қалған 43 азаматтың құжаттары немесе бизнес-жоспары сәйкес келмеуіне байланысты қайта толықтырылуға жолданды. Бұл орайда мемлекеттік грантқа тапсырған 629 азаматтың ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 331, көп балалылар – 116 және 1 бағыт бойынша оқудан өткендер саны 182, – деді Ж.Өтебаева.
Айта кетукерек, еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын бағдарламаға қатысушылар мемлекет тарапынан берілетін 200 АЕК көлеміндегі грантқа үміткер болады. Ал былтыр 3478 азамат 200 АЕК көлемінде 1 756 390,0 мың теңге мемлекеттік грант алған.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Пікір қалдыру