Шымкентте «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылады

Еліміздің үшінші мегаполисінде алдағы уақытта «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы, «Түркістан» сарайында өткен халық алдындағы жылдық есебінде мәлімдеді.

«Қаладан 136 гектар жер бөлініп, агроиндустриалды аймақ құруды бастадық. Осы аймақта ауылшаруашылық өнімін өңдейтін кәсіпорындар және заманауи көтерме сауда орталығы ашылатын болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағын құруды бастадық. Ол жерде инфроқұрылымды қазір жасауымыз керек»- дейді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, қала әкімі 92 гектар жерге орналасқан «А» сыныптағы логистикалық орталық шетелдік және отандық жүк көліктеріне қызмет ететінін айтып өтті.

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*