Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдіктелген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. Жұқпалы аурулар госпиталінде науқастарға білікті медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының заманауи үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтылған. Госпитальде барлығы 160 жұқпалы төсек орын, 20 боксталған палата және 20 реанимациялық төсек бар. Ең бастысы, инфекциялық госпиталь барлық қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Нақтырақ айтқанда, жаңа орталықта : компьютерлік томограф, сандық рентген және 20 ИВЛ аппараты орнатылған. Еліміздің үшінші мегаполисінде құрылысы аяқталған госпитальді аралап көрген Елжан Амантайұлы жаңа емдеу мекемесінің сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі зор екендігін атап өтті. ҚР денсаулық сақтау министрі қауіпті індетпен күресуде біліктігін танытып жатқан ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Мұрағат материалдары тарихшыларға қолжетімді болса
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жариялаған үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауды, саяси қуғын-сүркін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын айтты. «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, […]
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген жаңа қала әкімінің орынбасарын Ерлан Айтаханов аппараттық мәжілісте таныстырып, қаланың дамуы жолындағы еңбегіне табыс […]
ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ПЕН ҚҰРЫЛЫС БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қалаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжіліс өткізді. Жиында қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен карантин режімін қатаң сақтау жайы сөз болды. 2020 жылы қалалық құрылыс басқармасы арқылы 104 инвестициялық […]
Пікір қалдыру