Аудан әкімінің есепті кездесулерінде “Тұран” шағынауданы көп қабатты үй тұрғындары тарапынан аумаққа ашық спорт алаңын салу мәселесі алға тартылатын.
Бүгінге дейін аумақта тиісті жер телімінің анықталмауына байланысты жұмыстар жиі шегерілген болатын. Осы орайда, қала басшысының шұғыл тапсырмасымен үйлер аумағы толық зерделеніп, спорт алаңын салуға қажетті жер телімі анықталды.
Нәтижесінде аудан әкімі аппараты тапсырысымен мердігер мекеме «KAZ GENERAL LTD»ЖШС тарапынан шағынауданның көпқабатты үйлер аумағынан ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары 2024 жылдың маусым айында басталып, жоба барысында көрсетілген қазан айы соңына аяқталып тұрғындарға табысталып отыр.
Құрылыс жұмысы аяқталған аулаларға балалар алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған. Сонымен қатар, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндіктерде қарастырылған. Алаңшалардағы ойын құрылғыларының бәрі де отандық өнім, деген мердігер мекеме басшы кепілдік мерзімінің бар екенін айтады.
Еске сала кетейік, былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Барлық аудандарынды кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылған болатын.
Жобаның мақсаты ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған жоба барысында шаһарда ескірге балалар ойын алаңшасы жаңартылып, балалар алаңшасы жоқтарға жаңадан жасалынған болатын. Осы орайда Шымкенттегі барлық дерлік көп қабатты тұрғын үйлер жаңа ойын алаңшасымен қамтылды. Балалар мәз, оны көрген ересектердің қуанышында шек жоқ.
Заман талабына сай келетін, қауіпсіз ойын құралдары көздің жауын алатындай.
ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына пандемияға байланысты үндеуіне шымкенттік кәсіпкерлер алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Олар бүгінде арнайы ашылған қорға қомақты қаражат аударды. Айта кету керек, Шымкентте Елбасы үндеуіне қолдау білдірген жүрегі […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді — «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок […]
Шымкент қаласы үшін экологиялық мәдениетті арттыру және қала тазалығын сақтау басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта 9 қараша күні Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Бұл акцияға қала тұрғындары, […]
Пікір қалдыру