Оңтүстік Қазақстан облысының мəдениет саласында тағы да ақжолтай жаңалық орын алып жатыр деуге болады. Оған себеп, күнгей өлкенің өнер майталмандарының бір тобы Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласындағы шейx Заид атындағы Халықаралық мәдениет фестиваліне аттанған болатын. Айта кету керек аталмыш халықаралық фестивальде Қазақстан Республикасының атынан «Түркістан сарайы» концерттік ұйымының «FARAB» би театры өз өнерін күллі әлемге паш етіп жатыр.Сонымен қатар, Шейx Мансур бен Зайд Аль Наxаяның өтінішімен арнайы шақырту алған би тобы қазақтың ұлттық дəстүрлерін кеңінен насихаттап жүр. Қазіргі таңда, «Түркістан» сарайы «FARAB» би театрының құрылғанына төрт ай уақыт өтсе де, осы аралықта бірнеше халықаралық, республикалық сахналарда өнер көрсетіп, өз ерекшеліктерін танытып үлгерді. Бүгінде би ұжымының көркемдік жетекшісі, бірнеше халықаралық байқаулардың дауреаты -Роман Ли. Топтың жалпы жетекшісі, мекеме директоры-Шалхарова Əлия Богданқызы екенін де атй кету қажет..
Ұқсас жаңалықтар
Елбасы оңтүстіктің халқы еңбекқор екенін ерекше атап өтті
Қазақстан Президенті халықты, соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. – Беделді жоғары оқу орнын бітіру әрдайым маңызды бола бермейді. Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие […]
Ақмолалық компания оңтүстіктің 300 азаматын жұмысқа алуды көздеп отыр
Оңтүстіктікқазақстандық 300 азамат Ақмола облысында ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Новопэк» компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Мұндай келісімге облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен «Новопэк» ЖШС-нің басқарушы директоры Айдар Жақыповпен болған екі жақты меморандум аясында […]
Бүгінге дейін оңтүстікте 762 мың тонна көкөніс жиналған
Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында оңтүстік шаруаларының 5-ші жәрмеңкесі өткізгені естеріңізде болар. Негізгі тәртіпке сай отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғанын айта кету керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан […]
Пікір қалдыру