Созақ ауданының бюджетіне 9 айда 54 миллиардтан астам қаржы түскен

Созақ ауданында биылғы жылдың 9 айының қорытындысымен жалпы бюджетке 54 млрд. 205 млн. 909 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 111,2 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде жергілікті бюджетке 5 млрд. 198 млн. 558 мың теңге қаржы кірген. Демек, жыл басындағы жоспар 111,4 пайызға немесе 536 млн. 913 мың теңгеге артығымен орындалды. Сонымен қатар, аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 8 млрд. 807 млн. 992 мың теңге болып, 100 пайызға игерілген.

Сонымен қатар, 9 айда  169 млрд. 510 млн. 700 теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліпті. Егер тоқталар болсақ, оның ішінде: өнеркәсіп саласы бойынша 153 млрд. 290 млн. 893 теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі 8 млрд. 351 млн. 300 мың теңгені құрады.

Мұнан өзге, жыл басынан күні бүгінге дейін аудан экономикасына 24 млрд. 896 млн. 900 мың теңге инвестиция тартылып отыр.

Оның ішінде:

— Жергілікті бюджеттен – 251 млн. 400 мың теңге;

— Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен — 24 млрд. 91 млн. 200 мың теңге;

— Қарыз қаражаты көлемі – 554 млн. 300 мың теңге инвестиция тартылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*