Түркістан облысының теріскейіндегі Созақ ауданы, Құмкент ауылында спорт кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп барша ауыл тұрғындарын мерекелерімен және жаңа спорткешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Айта кету қажет, спорт кешенінің ашылу салтанатында әлем чемпионы Біржан Жақып арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Бұл ғимарат бірнеше жылдан бері сақалды құрылысқа айналған еді. Кейіннен спорт ғимаратының құрылысына жергілігті бюджеттен жүз елу үш млн теңге қаржы қаралып бөлінгенін айта кетпеске болмас. Нысанның құрылыс жұмыстары екі мың он жетінші жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Спорт кешенінің құрылысын «Ноутилус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, қазан айында аяқтады. Заманның барлық талаптарына сай салынған спорт ғимаратында бүгінгі таңда күрес, бокс, футбол және волейбол түрлерінің секциялар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, мұнда жергілікті жердің 19 азаматы жұмыспен қамтылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан: Кәсіпкерлер Палатасының өңірлік кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды
Бүгіннен бастап Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдерді қабылдау басталды. Кандидаттыққа өңірде тіркелген кәсіпкерлер мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері сайланады. Бұл туралы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы […]
Ө.Шөкеев: Түркістан облысында 2021 жылға дейін 3,5 млн. ағаш егу жоспарланып отыр
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді. «ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында […]
ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАП, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРЕДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны көтеру туралы тапсырма берген болатын. Осыған мәселеге орай ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен халық табысын […]
Пікір қалдыру