Созақта спорт кешені ашылды

Түркістан облысының теріскейіндегі Созақ ауданы, Құмкент ауылында спорт кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп барша ауыл тұрғындарын мерекелерімен және жаңа спорткешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Айта кету қажет, спорт кешенінің ашылу салтанатында  әлем чемпионы Біржан Жақып арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Бұл ғимарат бірнеше жылдан бері сақалды құрылысқа айналған еді. Кейіннен спорт ғимаратының құрылысына жергілігті бюджеттен жүз елу үш млн теңге қаржы қаралып бөлінгенін айта кетпеске болмас. Нысанның құрылыс жұмыстары екі мың он жетінші жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Спорт кешенінің құрылысын «Ноутилус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, қазан айында аяқтады. Заманның барлық талаптарына сай салынған спорт ғимаратында бүгінгі таңда  күрес, бокс, футбол және волейбол түрлерінің секциялар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, мұнда  жергілікті жердің 19 азаматы жұмыспен қамтылып отыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*