Созақ ауданының 90 жылдығына орай теріскейде жиырмадан астам әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Солардың бірі Жартытөбе ауыл округі, Аққолтық елді мекенінде 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы. Бөбекжай балабақшада ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысының сөзіне сенсек мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында Созақта балабақша мәселесі жылдан жылға өз шешімін тауып келеді екен. Бүгінде ауданда 43 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 17 мемлекеттік, 16 жекеменшік, 10 шағын орталық. Осының арқасында теріскейдегі бүгінде дейін балаларды балабақшамен қамту 90 пайызды құрап отыр. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айтып өтуіміз керек. Сонымен қатар, бүгінде жаңадан ашылып отырған 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы жергілікті адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Нақтырақ айтсақ, мұнда қазір 20 адам жұмыс істеп, өз отбасыларын асырап жатыр. Байқағандарыңздай, ауыл балабақшасы балаларды бөбекжаймен қамту мәселесін шешіп ғана қоймай, жұмыссыздық проблемасын шешуге де оңтайлы әсер етіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА ДАЙЫН
Президент бүгінгі Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін нықтады. Мемлекет басшысының кезекті […]
ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ: 23-ЛЕТНЯЯ ЖЕНЩИНА СТАЛА МАМОЙ 6 ДЕТЕЙ
23-летняя жительница села Дербисек Сарыагашского района, Туркестанской области Еркинай Есенбаева стала матерью 6-х детей. В областном перинатальном центре №1 роженица родила троих детей, а первого ребенка она родила в 18 лет. По словам врачей, состояние […]
ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік субьектілерінің 73% берешегін төлеген
Түркістан облысы бойынша салықтық рақымшылыққа шағын және орта бизнестің 10 909 субъектілері іліккен. 2019 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 7 926 субъектілердің, яғни жалпы санының 73%-ы 73,2 млн тенге көлеміндегі берешектерін төлеген. Ал 2019 жылдың […]
Пікір қалдыру