Жетісайлық жүзімдер Ресейге экспортталып жатыр

Бүгінгі таңда Жетісай ауданы Абай ауылы округінде жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Аайта кету керек, ауданда мұндай көлем ешбір ауылдық округте жоқ. Қазіргі кезде Абай ауылдық округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақындап қалды. Ең ірі «Махарам» шаруа қожалығы жүзімдікдің әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алып отыр. Жүзімнің «Тайфы» сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтіліп жатқанын да айта кеткен жөн.
Жалпы биыл «Махарам» шаруа қожалығында 42 гектар жерге жүзім егілген. Соның 26 гектары өнім берсе, қалған 16 гектары алдағы екі жылда жемісін бере бастайды деп күтіліп отыр.
Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, 1 гектарға шамамен 2 млн теңгеге жуық шығын кетеді екен. 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Қазір мұндағы жүзімнің бір келесі 120 теңгеден сауданаланып жатыр. Қазірде жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істеп келеді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*