Түркістан облыстының әкімі Ж.Түймебаев, Елбасы жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысын қайта есептеп, қажетті қаржыны анықтау шараларын жүргізуді жүктеп, жергілікті бюджет есебінен білім, денсаулық сақтау, ішкі істер және басқа да сала мамандары үшін жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін шешу жолдарын қарастырып, нақты ұсыныс енгізуді тапсырды. Ал, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының қолдану мерізімінің 2025 жылға дейін ұзаруына орай, тиісті шараларды жүзеге асыруды міндеттеді. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімінің экспортын көбейту бойынша нақты шараларды жүзеге асыратын болса, білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту мақсатында тиісті министрлікпен жол картасын әзірлеуді міндетіне алды. Ал денсаулық сақтау басқармасы бұдан кейін медициналық қызмет көрсету мекемелерінің толыққанды электронды құжат айналымы жүйесіне өтуді қамтамасыз етпек. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп тұрғындардың бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қол жетімділігін арттыру мақсатында арнайы спорт кешендерін салу және аула мен саябақтарды арнайы дене шынықтыру құралдарымен жабдықтау жолдарын жүзеге асыратын болды. Жалпы, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жұмыстарын жалғастырып, бұл мақсатта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясын мейлінше тікелей қарым-қатынасты азайту арқылы электронды форматқа көшу шараларын жүзеге асырмақ.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАУ – ҰСТАЗДАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
Елбасының кезекті Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтты. Бұл құжат мұғалімдер үшін жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Президент жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау […]
Кентауда 33 көпқабатты үйдің құрылысы басталды
Түркістанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасы алдында Түркістан қаласының дамыту бағыты бойынша баяндама жасады. «Сіздің «Түркістан облысын құру, әкімшілік […]
Оңтүстіктегі 8 ескерткіш «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымына кірген
«Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша 8 ескерткіш Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық […]
Пікір қалдыру