Түркістан облысында Елбасы жолдауы кеңінен талқыға түсті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, жолдауда айтылғандай, ел экономикасын алға сүйрейтін, атап айтқанда, индустрияландыру, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, туризм, агроөнеркәсіп сынды салалардың өңірдегі көрсеткішімен, алдағы даму жоспарларымен бөлісті.
Мемлекет басшысының саяси құжатындағы міндеттерді насихаттауда мінберге бірқатар азаматтар шығып, өз ойларын ортаға салды. Олардың ішінде, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Маханұлы, «Бөрте Милка» кәсіпорнының құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішев, Сайрам аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер ұстаз Амангелді Қабылбеков, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 4-і курс студенті, «Түркістан студенттері альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Алуа Тұрсынхан да бар.
Актив соңында Ж.Түймебаев Елбасы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, ең алдымен, оның тиісті деңгейде түсіндіріліп, БАҚ-та насихатталуын облыстық ішкі саясат басқармасына тапсырды. Насихаттау шаралары, сондай-ақ, облыстық білім, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармалары мен аудан, қала әкімдіктеріне, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалына да жүктелді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*