Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр. Аудан аумағында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Мәселен, жылыту маусымында улы газбен уланудың орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №03 МӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, Жетісай ауданындағы ауылдық округ тұрғындарына өрттің пайда болу факторларының басым көпшілігі, жеке тұрғын үй секторларында орын алатыны жөнінде, және осыған орай, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл округтағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізу барысында «жылу пештерін жұмыс жағдайларына қарап анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою» «Жылу маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «Улы газбен уланудың алдын алу» «Тұрмыстық құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыптар түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жаднамалар мен парақшалар таратылды. Жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды маңызды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан: Мақтааралда шілденің алғашқы күні 55 үйдің құрылысы толық аяқталады
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан шардап шеккен үш ауылдың тұрғындарына арналып салынып жатқан жаңа мөлтек ауданның құрылысы қарқынды. Мұнда қазіргі таңда 386 үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның бүгінде 46-сында ішкі әрлеу, 54-інде шатыр жабу, […]
ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙГЕН
Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында 2420 нысанның құрылысы тексеріліп отыр. Оның ішінде жеке қаражат есебінен – 2057 нысан, бюджет қаражаты есебінен 363 нысан бар екенін айта кету қажет. Бұл […]
ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Ел бірлігін насихаттаған жүздесуді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды. Түркістан төрінде бой көтерген 6 қанатты киіз үйде облыстағы 6 діни […]
Пікір қалдыру