Жетісай ауданындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйлерінде болып, жұмыс барысымен танысты.
Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекеніндегі 1986 жылы қолданысқа берілгелі жөндеу көрмеген мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. 2679,1 шаршы метр аумаққа жүргізілуі тиіс жөндеу жұмыстарының жалпы құны 691 млн 445 мың теңгені құрайды.
Келесі жылы қолданысқа берілетін мәдениет үйінде ауылдық кітапхана, спорттың волейбол, футбол және шахмат, ән, күй, би үйірмелері жұмыс істейтін болады. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме «Намыс» ЖШС қызметкерлері кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарға жалпы саны 23 адам жұмылдырылғанын айтады.
Сонымен қатар, аудан басшысы Жаңа ауыл ауылдық округі, Мырзашөл елді мекенінде орналасқан мәдениет үйінде де болды. Соңғы 10 жылда қолданыстан шығып қалған мәдениет ошағына облыстық қазынадан 236 млн 223 мың теңге қаралды. Жалпы 732,4 шаршы метр аумақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 45 жылдан бері алғаш рет жүргізілген жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталып, қолданысқа тапсырылады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы мердігер мекеме «РемСтрой» ЖШС өкілдерімен кездесу барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевке жұмыстың сапасы мен жүргізілу кестесін қатаң бақылауды тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп келе жатқан 11 мәдениет үйінің 1-і аудандық, 7-і ауылдық мәдениет үйлері болса, 3-і ауылдық мәдениет клубтары болып табылады.
2020 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып […]
Сарыағаш ауданында ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беретін «Аqildi bala» мектебі қолданысқа берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, игі іске бастамашы болған жандарға алығысын білдірді. Аталмыш мектепте 100 бала толыққанды білім […]
Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны Нұрбек Төлбасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шеберхана ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Ол зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберхана ашу идеясын ұсынып, бағдарлама шеңберінде 555 600 теңге қаржыға қол жеткізген. […]
Пікір қалдыру