2020 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Екіншісі, аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Үшіншісі, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді
«Бірінші бағыт бойынша, облыста АӘК алатын балалардың 60%-ға жуығы — көпбалалы отбасылардан. Өңірдегі көпбалалы 86,6 мың отбасы бар: төрт баладан -56,9 мың отбасы, бес баладан — 24,4 мың отбасы, алты баладан — 4,8 мың отбасы, жеті және одан жоғары баладан — 508 отбасы. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді», – деді Әсия Құралқызы.
Түркістан облысы бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық іс-шаралары кестеге сәйкес атқарылуда және өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Жалпы аймақта 34 жылу энергетика кешені және 1 622 автономды қазандық бар. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын […]
Тамыз кеңесі – білім саласындағы жетістіктермен қатар кемшін тұстарды да таразылайтын дәстүрлі жиын. Бүгін Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Дәстүрлі тамыз кеңесінде […]
Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін «МЕДЕТ СҮТ» ЖШС өз жұмысын бастады. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті […]
Пікір қалдыру