Түркістан облысында АӘК аз қамтамасыз етілген, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Критериі облыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады. АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады.
Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі. Пакет келесіні қамтиды: мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар; мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу. 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМК енгізу аясында 2020 жылы 17 074 млн. теңге бөліну жоспарлануда.
Бұдан өзге, Түркістан облысында әзірленген аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және жұмыспен қамтамасыз ету үшін оларды кіші кәсіпкерлікке тарту жұмыстары жалғасатын болады. Бұл үшін өңірде АӘК енгізу аясында балалы аналарға үйде кәсіппен айналысу үшін АӘК біржолғы төлемі есебінен 15 шағын жобалар іске асырылуда. Бұл әйелдердің, оның ішінде ауылдық жерлердегі кәсібін дамытуға мүмкіндікті жоғарлатады.
Түркістан облысында экономиканың дамуына тың серпін беретін жалпы құны 145 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биылғы 7 айда 25 жоба іске қосылып, 866 жұмыс орны ашылды. Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім көлемі артты. Осыған […]
Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл жайында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді. «Республика күні ел Президенті Қасым-Жомарт […]
Биыл Қазақстан Полициясына 33 жыл. Осынау айтулы күнде Түркістан облысы Полиция департаменті салтанатты шара өткізді. Жиынға ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты. Сахна шымылдығы мерекелік бейнероликпен бастау алып, ҚР Мемлекеттік […]
Пікір қалдыру