ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРГЕ ДЕ ТАРАЙДЫ

Түркістан қаласында өткен «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық медиа форумда бірнеше мемлекеттің БАҚ жетекшілерімен меморандумға қол қойылды. Осы құжат негізінде Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикаларының жетекші ақпарат құралдары мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік орнатылды.

Атап айтсақ, Түркияның «TRT» телекомпаниясының Астанадағы өкілдігінің ди⁠ректоры Абдулхамит Авшар мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев БАҚ саласындағы әріптестік және іскерлік байланыс орнату жөніндегі меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Қырғызстанның «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігінің ІТ департаментінің ди⁠ректоры Калнур Жаныбаевпен, Татарстанның «Татар-информ» ақпарат агенттігі бас ди⁠ректорының орынбасары Рамис Латиповпен және Әзірбайжанның ITV телерадиокомпаниясының Қазақстандағы өкілі Мажиди Фузулимен де меморандум жасалды.

Осы меморандум арқылы еліміз бен Түркістан облысы туралы жаңалықтар түркі тілдес елдерге түрік, әзірбайжан, өзбек, қырғыз және орыс тілдерінде жаңадан ашылған ашылған  «TÚRKISTAN MEDIA»  халықаралық орталығы арқылы таратылады.  

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*