ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек азаматтары тамашалады. Алғы сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы барша халықты еліміздегі ең ұлық мерекесі  – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, рухани шаһарға облыс орталығы мәртебесінің берілуде Тәуелсіздіктің бір жемісі. Жарлықтың жарияланғанына бір жылдан аса уақыт өтсе де Түркістан қаласы ажарланып келеді. Қала келбетіне көрік қосатын ғимараттардың алғашқылары пайдалануға беріліп өз жұмысын бастады. Бұл Елбасының Түркістан облысына, оның орталығы Түркістанға деген ықыласының ерекше екендігін көрсетеді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев тарапынан да қалаға маңызды қолдау көрсетіліп жатыр. Түрлі тарих толқындарынан аман өткен Түркістан қаласы еліміздің тәуелсіздігімен бірге жасап, жыл сайын көркейіп келеді. Бабаларымыздың асқақ рухы сақталған киелі Түркістан Тәуелсіздігімізбен бірге мәңгі жасай берсін, ағайын!» – деді облыс әкімі. 

Мерекелік шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін жүзге жуық азаматқа мемлекеттік марапаттар табыстады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*