ОТЫРАРДА ШӘУІЛДІР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлау мерзімінің аяқталуына байланысты аталған лауазымға қайта сайлау өткізілген болатын. Аталған сайлауда үміткерлер арасынан аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қыдыр Ғалым Сағындықұлы аталған орынға лайықты деп танылып, бірауыздан сайланды.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғалым Қыдырды өзі басшылық ететін ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан әкімі өз сөзінде: «Ауданымыздағы халық тығыз орналасқан үлкен ауылдардың бірі, аудан орталығы Шәуілдір ауыл округінде атқарылар ауқымды жұмыстар көп. Киелі де қасиетті өлке Отырар ауданының өзегі болған, тоғыз жолдың торабы Шәуілдірге бабтардың бабы Арыстанбаб бабамыздың кесенесіне зиярат жасайтын туристердің соқпай кетпесі ақиқат. Сондықтан ауылда тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарының маңызы зор. Сондай-ақ бүгінгі күннің кезек күттірмейтін газдандыру, құрылыс жұмыстарына да баса көңіл бөліну қажет. Бұл ретте бұрыннан бірге қызметтес болып келген ұжымдастарыңызбен ынтымақ-бірліктің арқасында өзіңізге жүктелген міндеттерді үлкен сеніммен атқарып шығады деген ойдамын. Сіздер аудан ортылығында болғандықтан өзге ауыл округтеріне үлгі болуларыңыз керек. Сіздердің алдағы істеріңізге береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!»-деді.
Қыдыр Ғалым Сағындықұлы 1970 жылдың сәуір айында Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 2003-2010 жылдары Отырар аудандық сотының жетекші маманы, бас маманы, 2010-2013 жылдары «Манас» шаруақожалығының төрағасы, 2013-2014 Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары, 2014 жылдан 2018 жылдың 24 қыркүйегіне дейін Шәуілдір ауыл округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*