Түркістандық дзюдошы Дидар Хамза, әлемдік Гран При жеңімпазы атанды

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының тумасы Дидар Хамза, спорттың дзюдо күресінен көрші Өзбекстан елінде өтіп жатқан әлемдік Гран При жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.Жерлесіміз өзбек жерінде 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен болатын. Дидар бұл жарыстағы алғашқы белдесуінде ирандық Мехди Фазипорадалдан басым түскен. Екінші кездесуінде Испаниядан келген қарсыласы Альфонсо Солана Уркюзаны тізе бүктірді.  Мұнан кейін венгр Аттила Унгвариді жеңіп, жартылай финалда Алексиос Нтанацидистен айласын асырып кеткен еді. Ал, финалдық белдесуде татамиге көтерілген жерлесіміздің  моңғолиялық Давгасурен Нямсуренен мерейі үстем болып, Гран При жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, түркістандық жас спортшы бүгінгі жеңісіне дейін көптеген әлемдік біріншіліктерде өзінің мықтылығын дәлелдеген дзюдошы.

Дидар, дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысушысы. Ол, Жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017), Еуропа кубогының жеңімпазы (2016), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2016), Әлемдік Гран При кезеңінің қола жүлдегері (2016) атанған болатын. Ал, 2018 жыл, түркістандық дзюдошы үшін толағай табыстарға толы болды. Себебі, ол бұған дейін ХVIII жазғы Азия ойындарында да жеңіс тұғырына көтерілген еді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*