Е.Айтаханов тұрғын үйлер құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһарда салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмысымен танысты.

Алдымен әкімшілік іскерлік орталығындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан шаһар басшысы мердігер мекеменің басшысына жұмысты жандандырып, нысанды мерзімде аяқтау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына инфрақұрылым мәселесін де тез әрі оңтайлы шешуді тапсырды.

Одан соң Ерлан Қуанышұлы С.Бәйтереков көшесінде орналасқан «Tamerlan Residence» тұрғын үй кешенінің құрылысына барды. Аталмыш нысанның тапсырысшысы болып табылатын «BI Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр. Мұнда 16 және 12 қабатты 7 тұрғын үй бой көтеретін болады.

Бұдан әрі қала әкімі «Ақжайық» және «Көкжайлау» тұрғын үй кешендерінің құрылысын өз көзімен барып көрді. Аталмыш нысандарды салып жатқан мердігер мекемелердің өкілдерімен кездескен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тұрғын үйлердің қасбетіне баса көңіл аударып, қаланың көркін ашатындай етіп салуды баса айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*