Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев сынақтан өткізді. Туристер үшін жасалған жаңа мүмкіндік «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып жүзеге асты. Сонымен қатар, Елбасының 2020 жылды «Еріктілер жылы» атауына байланысты «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды. Жобаға қатысушы еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид – нұсқаушы қызметтерін көрсетеді. Жобаның мақсаты — келген туристерді сапалы, тексерілген ақпаратпен қамтамасыз ету және студент жастардың алдағы уақытта туризм саласында жұмыс жасауын ынталандыру. Әрқайсысы бірнеше тілді меңгерген жастар қонақтарды біркелкі электрлік самакатпен қарсы алады. Бұл жобаға 20 ерікті жұмылдырылған. Алдағы уақытта олардың санын арттыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде, Кесенеге кіру билеттерін сайт арқылы (pay.azretsultan.kz) онлайн және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, турист билеттерді туриникеттерге QR-кодын скан жасап Кесенеге кіре алады. Сонымен қатар, келушілердің санын бақылау бойынша толық сараптама жүргізу үшін камералар орнатылды. Мұның барлығы келген туристердің санағын жүргізуге, олардың туристік объектіні көрудегі эмоциясын бақылауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: Карантиннің жеңілдеуі — босаңсу деген сөз емес
Түркістан облысында карантин режимі жеңілдетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша ұзартылған карантин тәртібі бүгіннен бастап күшіне енді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі […]
Ө.ШӨКЕЕВ: Түркістанда құрылыс сапалы жүріп, мерзімінде аяқталуы тиіс
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап шықты. Өңір басшысы алдымен құрылысы жүріп жатқан «Turkistan» индустриалды аймағында болды. Мұнда Польша мен Түркия елдерінің инвесторлық компаниялары құрылыс заттары мен төмен қуатты созба […]
Түркістан қаласы маңынан 6 000 гектар аумаққа азық-түлік белдеуі құрылады
Президентіміз Жолдауында: «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет — еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту», — деген болатын. Бұл жоспар бойынша Түркістан облысы […]
Пікір қалдыру