ЖАҺАНДЫҚ ІНДЕТКЕ БІРЛЕСІП ҚАРСЫ ТҰРУЫМЫЗ КЕРЕК

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі төтенше жағдайға байланысты отандық кәсіпкерлерді мемлекеттің күш-жігерін қолдауға және осы қиын сәтте қаржылай көмек көрсетуге шақырды. Өз кезегінде отандық бизнес-қауымдастықтың кейбір өкілдері мен ірі кәсіпорындардың басшылары Қазақстанның Тұңғыш Президентінің үндеуіне үн қосты. Біз, шымкенттік кәсіпкерлер де Елбасы үндеуіне зор қолдау білдіреміз. Қазіргі күні әлем бойынша инфекция таралуынан зардап шекпеген ел кемде-кем. Соңғы деректе сенсек, бұл жаһандық індет 160-тан астам елге таралып үлгеріпті. Осындай қиын сәтте бір-бірімізге қолдау көрсету – бабаларымыздан келе жатқан игі дәстүр. Біз бірге болсақ, ынтымағымыз, бірлігіміз мықты болса, іргеміз де берік болады» дейді кәсіпкер Ғани Ташқараев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*